Қазақстан нарығында сату және қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер еңбек нарығында сұранысқа ие, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.
"Өткен аймен салыстырғанда жұмыс күшіне деген сұраныс екі есе өскен", – деп жазды "HeadHunter Казахстан".
Жоғары сұраныста сату және қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер болып отыр. Барлық жарияланған бос жұмыс орындарының 11%-дан астамын құрып отыр. Екінші орында бухгалтерлер (3 мыңға жуық бос жұмыс орны), үшінші орында сату жөніндегі кеңесшілер (2 мыңнан астам жұмыс ұсынысы).
2024 жылдың басындағы сұранысқа ие 20 мамандық:
сату жөніндегі менеджер – 11%;
бухгалтер – 7%;
сатушы/кассир – 5%;
жүргізуші – 2%;
әкімші – 2%;
сауда өкілі – 2%;
оқытушы, мұғалім, педагог – 2%;
байланыс орталығының операторы – 2%;
аспаз, наубайшы, кондитер – 2%;
кеңсе менеджері – 2%;
даяшы, бармен, бариста – 2%;
программист, әзірлеуші – 2%;
хатшы, менеджердің көмекшісі, көмекші – 1%;
SMM менеджері, контент менеджері – 1%;
маркетинг менеджері, интернет маркетолог – 1%;
қоймашы – 1%;
кассир-оператор – 1%;
заңгер – 1%;
қызмет көрсетуші инженер, инженер-механик – 1%;
инженер-конструктор – 1%.
Бір қызығы, жыл басында кадрларға сұраныс төмендеген бірде-бір сала анықталмады. Елде бос жұмыс орындарының көбеюімен қатар ұсынылатын жалақы да көтеріліп жатыр. 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда жылдық өсім 18% болды, бұл өсім жоғары білікті мамандарға сұраныстың артуына байланысты, – делінген хабарламада.
Ел бойынша ұсынылған орташа жалақы – 262 мың теңге. Орташа жалақы 299 мың теңгеден асып, өңірлер арасында көш бастап тұрған елорданы бөлек атап өткен жөн.
Астана – 299 569 теңге;
Алматы – 289 583 теңге;
Қарағанды – 249 645 теңге;
Көкшетау – 249 645 теңге;
Қостанай – 245 254 теңге;
Теміртау – 244 652 теңге;
Шымкент – 239 659 теңге;
Өскемен – 239 659 теңге;
Ақтөбе – 239 659 теңге;
Атырау – 234 666 теңге;
Ақтау – 234 666 теңге;
Павлодар – 224 681 теңге;
Петропавл – 224 681 теңге;
Семей – 220 682 теңге;
Қызылорда – 220 682 теңге;
Орал – 218 617 теңге;
Тараз – 202 210 теңге;
Талдықорған – 199 716 теңге.