Жалқау адам бай бола алмайды, ұйқыны жақсы көретін адамның табысты болуы да қиын. Сергектік шақыратын кофенің әсері тез кетеді, ал энергетикалық сусындар ағзаға өте зиян. Төмендегі кеңестерге назар аударыңыз.
Жұмыста күні бойы сергек жүруге не көмектеседі?
Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Courtneyk
2,482
оқылды

Қыс айларындағы суыққа адам ағзасы біртіндеп бейімделе бастайды. Жұмыстағы шаршау да, ауа райының бұлыңғыр болуы да адамның көңіл күйіне, жұмыс қабілетіне әсер ететінін ескерткен ferra.expert сайтында жарияланған мақалаға сүйенген Aikyn.kz өз оқырмандарына сергектікті сақтаудың бірнеше жолын ұсынады.

Фото granatmc.ru сайтынан алынды

Күнделікті әдетпен кофе ішпеген адам өзін жұмыста қатты шаршағандай сезінеді. Бірақ ұдайы кофе ішудің де зиянды екенін ұмытпаған жөн. Адамға күні бойы қуат беретін басқа да тағамдар мен тәсілдер бар.

Қара мен жасыл шай, кофе – құрамында кофеин бар және қуаттандыратын сусындар.

Бірақ ішектің қабынуы немесе асқазан жарасы болған жағдайда, олардан аулақ болған дұрыс. Бұл жағдайда адам энергияны қайдан алады?

Фото xo.kz сайтынан алынды

Адам ағзасын жылдам қуаттандыратын тағам – қара шоколад. Ол ақыл-ой белсенділігін, сергектігін арттыратын магнийге бай екені белгілі. Күніне шоколад бір немесе екі шағын плиткасы жігерлі сезінуге көмектеседі.

Лондондық диетолог Лаура Саузерннің айтуынша, бұл әсер шоколадта антиоксиданттардың көп болуымен байланысты. Сонымен қатар, қара шоколадта кофеин де бар.

Шоколад бір шыныаяқ кофені толығымен алмастыра алмағанымен, ол бұл сусынды тұтынуды азайтудың жақсы тәсілі болады.

Адамның қуатын жылдам көбейту үшін кем дегенде 70% какао бар шоколад қажет екенін есте сақтау керек. Өнімдегі какао неғұрлым көп болса, соғұрлым оның құрамында қант аз болады және денсаулыққа пайдасы көп.

Фото w-dog.ru сайтынан алынды 

Адамның жұмысқа қабілетін күшейтетін, қосымша қуат беретін мынадай тәсілдерді сынап көруге болады. 

Ұйықтауға уақытында жату және 8 сағаттық ұйқы адамның жұмыста сергек жүруіне көмектеседі. Күні бойы жігерлі сезінгісі келген адам түнде жеткілікті ұйықтауы керек. Мамандардың айтуынша, 6 сағаттан аз ұйықтау глюкоза деңгейін төмендетеді. Қарапайым сөзбен айтқанда, ұйқының қанбауы адам ағзасын әлсіретеді.

Уақытты үнемді пайдалануды үйреніп, тайм-менджмент ережелерін сақтаған дұрыс. Интернетте мағынасыз серфинг немесе телефонмен бос сөйлесулер адамның энергиясын ұрлайды.

Өзін-өзі дамытуға арналған бірнеше кітаптың авторы Брайан Трейсидің мына сөздерінде шындық бар: «Жоспарлауға жұмсалған әрбір минут жаңа істерді, идеяларды жүзеге асыруда он минутты үнемдейді». Әр кеш сайын келесі күнгі істердің тізімін жасап, олардың маңыздысын біріншіден бастап орналастырып қойған пайдалы. 

Фото internist.ru сайтынан алынды

Жұмыста әрбір екі сағат сайын жаттығуға бес минут бөліңіз. Жұмыс үстеліңізден тұрып, серуендеңіз, бірнеше жеңіл жаттығу жасаңыз. Үзіліс кезін тиімді пайдаланыңыз, түскі асты уақытында қабылдаңыз. Сыртқа шығыңыз немесе ашық терезенің жанында таза ауа жұтыңыз. Оттегі энергияның жаңа толқынын береді.

Аштықты сезінбеу үшін жиі тамақтаныңыз, бірақ аз мөлшерде. Артық тамақтансаңыз дененің барлық күші тағамды қорытуға жұмсалады. Мұндай жағдайда өнімді жұмыс істеу қиын болады. Кофені жалбыз шайына ауыстырыңыз. Тіпті жалбыз сағызының дәмі тапсырманы орындауға жиналуға көмектеседі.

Ұйқыны қашыру үшін мойын мен құлақтың сырғалығын уқалаңыз. Басыңызды солға және оңға, алға және артқа еңкейтіп, айналмалы қозғалыстар жасаңыз. Мұндай жеңіл массаж сергектік сыйлайды және қосымша қуат берді.