Қандай күйзелісті ке­зеңде де мемлекет ал­дында тұ­ра­тын басты мін­дет – халықты та­мақ­тан та­­­рық­тырмау болса ке­рек. Алайда дүкенге бас сұқ­­­қан бұқара одан ұн­жыр­ғасы түсіп оралады: азық-тү­лік тоқ­­­таусыз қымбаттауда.
«Құтырған» баға құрыққа көне ме?
629
оқылды

Әр тиын-тебенді санай-са­­най, қа­­­­­зақстандықтардың сау­­­са­ғы талып, санасы сан­сы­­­рады. Содан Үкімет әлеу­­­­мет­тік ма­­ңызды тауарлар ба­ға­­­­сын құ­­рық­тауға қатаң кі­­­­­­рісті. Күрес бірнеше бағытта жү­реді. Соның бастысы – алып­­­­­­­­­са­­тар­­­ларды жазалау, ары­нын ауыз­дықтау болмақ.

Тағам атаулының бағасы бас­­­қа шауып, төске өрлеп, ин­­­фля­­­цияға да салмағын салып жатыр. Сарап­­­­шылардың айтуынша, сал­­­дарынан Қазақстандағы инфля­­­ция – әлем­­­дегі ең жоғарғы көр­­­­сет­­­­­кіштердің бі­ріне айналды. Мұ­­ны шенеуніктер де мойын­­дады.

Ұлттық банк төрағасының орын­­­­басары Данияр Вагаповтың айтуынша, жалпы алғанда, биыл жылдық инфляция 10,8%-ға де­­йін баяулады. Салыстыра кетсек, 2022 жылдың соңында, желтоқ­­­сан­­да 20,3%-ға жетіп еді. Соған қара­мастан, 2023 жылы айлық жә­не базалық инфляция таргет­­­тен, нысаналы дәлізден бәрібір асып кетті. Сонымен бірге баға­­­ның өсуі де екі таңбалы мәнде қалуда.

«Айлық инфляция өткен ай­­­дың деңгейінен және таргеттен жо­­­ғары қалыптасты: 0,7%-ды құ­рады. Бұл инфляцияға қарсы сая­­­сатты одан ары жалғастыруды та­­­лап етеді. Әсіресе, азық-түлік ин­­­­­­­­­­­­­­­­­фля­­­­­­циясы жылдық мәнде 10,4% болды. Оның айлық мәні қыр­­­күйек­­тегі 0,3%-дан қазан айы­­­­­­­­­­­ның қорытындысында 0,5%-ға дейін қарқындады. Азық-түлік тауарла­­­­ры құрылымында қазанда жұ­­­мырт­­­­қа, нан, жарма, қант, түр­­­лі тәтті­­­­­лер, жаңа піскен жеміс­­­­тер мен ет бағасы тағы қымбат­­­­тады. Есе­­сіне, ірімшік, жаңа піс­­­­кен көк­өністер мен күнбағыс майы арзан­­дады», – деді Данияр Вагапов.

Алыпсатар – Алдар көсе ұрпағы...

Құзырлы органдар бағаны алып­­сатарлар, яғни бөлшек сауда орындары көтеріп отыр деп кү­­­діктенеді. 

Прокуратура органдары уәкі­­­­летті меморгандармен бірлесіп, елдің ірі көтерме сауда базар­­­ла­­­рын­да әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) құнын қалыптастырудың негізді­­­­лі­гі тұрғысынан тексерулер жүр­­­­гізді. Қорытындысында біраз бы­­лықты анықтаған көрінеді. 

Біріншіден, бағаны әділетті, негізді емес, спекуляциялық тә­­­­сіл­­­­­мен көтеру деректері тіркелді. Екін­­­­­­­­­­­­шіден, қымбаттату үшін та­­­уар­­­лардың жасанды тапшы­­­­­­лы­­­ғын туғызады. Мысалы, жұрт­­­­шы­лық тауардың нақты бір брен­­­­діне, түріне бой үйретеді. Алай­­­­да кенет­­­­тен ол өнім сөрелер­­­­ден жым-жы­­­лас жоқ болады. Саудагер: «аз әке­­­лінеді, сіздің ал­­дыңызда ғана те­гіс сатылып кетті», – дей салады. Нә­тиже­­­­­сінде, бірнеше рет келіп, тауарын әзер тапқан адам оны бағасы жоғарыласа да, қуана-қуана са­­­­тып алады. Тіпті, біразға жетуі үшін сөреде тұрғанының бәрін әкетуі мүмкін. Үшіншіден, сауда­­­­герлерді бағаны арттыруға кейбір базар әкімшіліктері де мәжбүр етеді: не жалдау ақысын кө­­­тереді немесе сауда орындары үшін ақы­ны өзі жинамай, өзімен сы­­байлас фирмаларға тапсырады. Сөйтіп, екі жеп биге шығады. Бір жағынан, базар ғимаратын жалға беруші емес, жай басқарушы ғана ре­­­тінде төлейтін салығын азай­­­­тады, екінші жағынан, туысының ЖШС арқылы жалға алушылар­­­дан аренда ақысын көбірек жи­най алады. 

Тексеруші құрылымдар тіпті базар әкімшілігімен сыбайлас тұл­ға­лардың саудагерлерді әлеу­­меттік тауарларды жоғары баға­­мен сатуға мәжбүрлеуінің сорақы фактілерін әшкерелепті.

Тексеру барысында бөлшек биз­нестің үлкен бөлігі сол бұрын­­­ғы­­­­дай көлеңкеде қалғаны белгілі болды. Ел бойынша ӘМАТ сату­шыларының жар­­­тысынан көбі өз қызметін салық органда­­рында тір­кеусіз және кас­салық аппарат­­тарды пайда­­ланбай жүзе­ге асы­рады.

Комитет өкілдері бір мысал кел­тірді: Шымкент қаласының 10 базарында ӘМАТ сататын 100-ге жуық сауда субъектісі тауар­­­лар­­дың шығарылуы мен өткізі­­­­луіне қатысты бір де бір қаржы­­­лық-есеп құжаттарын ұсына ал­­­­­­­ма­­­ған. Тиі­­сінше, олардың та­­­уарды қанша­­ға алатыны, оған қанша үстемеақы­­сын қосатыны белгісіз. Көңілі тол­­май, күңкіл­­­деген жұртқа: «біздің өзіміз қым­­­­бат бағамен алып жа­тыр­­мыз», – дей салады. Ол сөзін дәлелдей алмайды.

«Мәселен, Павлодар облы­­­сындағы 9 ірі көтерме базардағы 3,6 мың сатушының 99,7%-ы ар­найы салық режимін қолдана­­­ды. Бөлшек тауар айналымының 66% үлесі шағын кәсіпорындарға тие­­сілі. Оларды тексеруге мора­­­торий қойылған. Мұның бәрі реттеуші жүйедегі пробле­­­малар­­­ды туын­­датты. Әрі ӘМАТ сауда­­сының бақылаусыз кетуі және ақшаның, түсімнің көлеңкелі айналымы тү­рінде ауқымды салдарларға соқ­­тырды», – деді Сауда және ин­теграция министр­­лігінің Сауда комитетінің ма­­мандары. 

Амал жоқтан Аргентина жолына түсті

Ресми мәліметтерге қарасақ, биыл баға сан алуан тауарлар бойынша 20%-ға өсті. Бірақ іс жү­­­­­зінде сауда орындарындағы баға кө­теру көлемі 50% немесе одан да көп асып кеткені анық­­­­талған. Бұдан бөлек, кез келген дүрбелең бағаның 70%-ы жоғары, тіпті есе­леп қымбаттауына әке­леді. 

Ал заңға сай, баға өсіру 15 па­­­йыз­дан аспауы керек. Нақ­­ты­­­­­ла­сақ, Әкімшілік құқықбұзу­шылық кодексінің 204-4-бабы­ның негі­зін­де бөлшек сауданың әр тауарға шекті үстемесінің рұқ­сат етілген мөлшері өндірушінің босату баға­сының немесе кө­терме сауда жет­кі­­зушінің сатып алу бағасының 15%-ынан артық болмауы шарт. 

Алайда сарапшылар заңның бұл тетігі пәрменді жұмыс істе­мей­­тініне назар аудартады. Өйт­кені Әкімшілік кодексінің атал­ған 204-4-бабына сәйкес, алы­п­­­сатар­­­­дың бағаны негізсіз, сал­мақты се­беп­сіз арттырғаны әшкереленсе, бірінші жолы ол тек «ескертумен» құтылады. 

Ал бір жыл ішінде әлгі қарау әрекетіне қайталап барса ғана әкім­­­­шілік айыппұл салынады: ша­­­­­ғын кәсіпкерлерге – 10 АЕК (2023 жылы 34 500 теңгеге тең), ор­та кәсіпкерлік субъектілеріне – 75 АЕК (258 750 теңге), ірі кәсіп­­­керлік субъектілеріне – 300 АЕК (1 млн 35 мың теңге) айыппұл.

Қу алыпсатарлар мұны ай­­на­лып өтудің жолдарын тапқан: ба­ғаны бір жылдан соң күрт кө­тереді. Тіпті, бір жыл ішінде тағы қымбат­татса, ұсталмауы мүмкін. Тексеру­ші ұйымдарда маман тап­шы, штат та аз. Ал тіркелген сау­да­гер­лер са­­нының өзі – 146 854 су­бъект. Күн сайын бақылауда ұс­тай ал­майды.

Мәселен, 2022 жыл қоры­­­­тын­­дысында еліміз бойынша осы құ­­қықбұзушылығы үшін небары 323 әкімшілік іс қозғалды, 301 сау­да субъектісі ескертумен құтылған. Тәжірибе көрсет­­­­­кен­­дей, ескерту түріндегі әкімшілік жаза сауда үс­темесінің төмен­деуіне әсер ет­пей­ді және сауда субъектілерінің жауап­кершілігін арттырмайды. Жазалан­­­­ғанда­­­рының өзі арттыр­­­­ған бағасын кері түсіре бермейді.

Сондықтан Сауда комитеті «ескерту» ойынын тыйып, бағаны негізсіз жоғарылатқан алыпса­­тар­­­ларға бірден айыппұл салуды ұсы­нып отыр. Осы мақсатта ве­­­домство «Әкімшілік құқықбұзу­шылық ту­ралы кодексіне өзге­рістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасын әзір­леп шықты.

Қазақстан Үкіметі бұл жерде Ар­гентинаның тәжірибе-үлгісін алға тартты. Ұзақ жыл дағдарыс­тар­дан бас көтере алмай жатқан бұл мемлекет бұқараны тарық­тыр­­мау үшін өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бері бағаны ба­­­қы­лауға және жеткізілімдерді рет­­­­­­­теу­­­­­­­ге мықтап кірісті. Қазір бұл мәсе­­­ле­­­­­лер 1974 жылғы №20 680 «Жет­­­­­­­­кізу туралы» заңы­мен рет­­теледі: онда баға спекуля­­циясы­­мен айна­­лысқан саудагер­­­лерге 10 миллион аргентиналық песоға дейінгі айып­­­­­­­пұл салынады, кә­сіп­­кер бар­лық жеңілдіктерінен, арнайы са­лық режимдерінен айырылуы мүмкін.

Қазақстан сонша қаталдық та­нытпайды. Парламент қабыл­дай­­ды деп күтіліп отырған жаңа заңда тек алыпсатарлар өз сауда үсте­­ме­­сін заңмен бекітілген 15% мөлше­­­рінен асырғаны анықталса, бірін­­ші жолы жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлерге – 5, орта кәсіпкерлік нысандарына – 35, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 айлық есептік көрсеткіш мөл­­ше­рінде айыппұл салуды қарастырады.

Сондай-ақ 2013 жылы Ар­гентинаның Экономика ми­нистр­­лігі елдегі негізгі супермар­кеттер же­лілерінің өкілдерімен және жеткізу­­шілерімен ерікті келісім бе­кітіп, Prices Care бағ­дар­ламасын іске қосты. Олар түпкілікті тұтыну­­шыға өнімдерді Үкіметпен келісіл­ген бірыңғай және тұрақты баға­­­мен сатуға мін­деттелді. Биылғы 7 қазанда Prices Care бағдарламасы тағы ұзар­тылды. 

Айтпақшы, таяуда Мәжіліс депутаттары Үкіметке депутаттық сауал жолдап, елдегі барлық азық-түлік бағасын мемлекеттік реттеуді енгізуді ұсынды. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов өз жауабында бұдан бас тартты. Реттеу жаппай емес, тек ӘМАТ тауарларына қа­­­­­тысты қалады. 

Бизнес орта Үкіметтің бұл жаңа­­шылдығына қазірден қарсы шығуда. Алыпсатарлардың лоб­­биі қуатты көрінеді. Министр­­­лер ка­­бинетіне дейін шыққан олар би­лікті «артта қалған Аргенти­­­наның жолына түсті» деп ұялтуға, айны­туға ты­ры­суда. Бірақ баға «бүлігі­­мен» күресте Үкіметтің ше­гі­­­нер ты­­лы, басқа жо­лы қалма­ғанға ұқсайды.

Елдос СЕНБАЙ

© коллаж: Елдар ҚАБА