Продюсер жергілікті әкімдікке жүгініп, жолды дереу жөндеуді талап етті.
«Мынау не масқара?!»: Баян Алагөзова наразылығын білдірді
Видеодан скриншот
15,823
оқылды

Қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзова Алматы көшелеріндегі жолдардың сапасына қатысты наразылығын білдіріп, Instagram парақшасында видео жариялады. Жазбада ол Жұбанов пен Өтегенов көшелерінің қиылысында пайда болған ірі шұңқырды көрсетеді.

Кадрда жолдың ортасы опырылып, тіпті бордюр бөлігінің де ойыққа түсіп кеткені көрінеді. Б. Алагөзова бұл жағдайдың қаншалықты қауіпті екенін атап өтіп, мұндай шұңқырлар көлік жүргізушілері үшін үлкен қауіп төндіретінін ескертеді.

Продюсер жергілікті әкімдікке жүгініп, жолды дереу жөндеуді талап етті. Б. Алагөзова өз үндеуінде бұл жағдайды «масқара» деп атап, қалалық биліктен нақты әрекет күтетінін жеткізді.