Ол жан жары Нұртас Айдарбековты балаларының кішкентай кезінде әлдекімдер пышақтап кеткенін баяндады.
«Жесір қаламын ба деп қорықтым»: Гүлзира Айдарбекова құпиясын ашты
771
оқылды

Танымал продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова жарына қатысты басынан өткерген оқиғаларын еске түсірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, жайсыз оқиға болғанда Қайрат Нұртас небәрі 5 айлық болған. Сол кезде Нұртас Айдарбековті Павлодар қаласында әлдекімдер пышақтап кетіп, ол жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан.

Сол кезде жолдасының жанынан табылмақ болған Айдарбекова, бес айлық тұңғышын тастап, қымбат көйлектерін сатып, жолына ақша тауып, ұшақпен күйеуінің жанына барған көрінеді. 

Продюсер алғаш рет мұндай суық хабарды естігенде "Жесір қаламын ба" деп қорыққанын да жасырмады. Десе де, аталған оқиғаның немен аяқталғанын продюсер әлі мәлім етпеді. Ол тек оқырмандарына оқиғаның жалғасын әлеуметтік желідегі  парақшасына жазатынын айтты. 

Көпшілік продюсерден болған жайттың жалғасын асыға күтетіндерін жазған. Олар: "Күтеміз", "Соңы не болды", "Барсаңыз, ағаның халі қалай екен?", "Нағыз қызық жерінде тоқтағаныңыз қызық болды" деп жазды олар.