«Алтын ханым» байқауында жүргізуші болған продюсер Мөлдір Мұқан көпшіліктің сынына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі бірінші рет жүргізуші болуға ұсыныс түскенін айтты. Баян Мақсатқызы жобаға шақырғанда толқып, уайымдағанын жасырмады.
«Әртүрлі тағдырлар тоғысқан осы керемет жобада мен жүргізуші боламын деген ой тіпті түсіме де кірмеген шығар. Баян Мақсатқызынан ұсыныс түскенде таңданыстан бұрын, қорқыныш, жауапкершілік басым болды. Қазақстанның шоу-бизнесінде өзіндік ерекше орны бар, бөлек көзқарасы бар, заманауи уақыт пен ұлттық мүддені керемет жеткізе алып жүрген продюсер маған осындай ұсыныс жасағаны санамды шайқап жіберді, рас. Ал енді маған сенім артқан майталмандардың ойынан шықтым ба, халыққа жеткізе алдым ба, оны әлеуметтік желіде талқылап та, қолдап та жатқан өздеріңіз. Мен тырыстым. Бойымда күш-қуатым, ерік-жігерім барда мен өсе беруге дайынмын. Иә, кешегі сахнадағы әдеміліктің артында менің ішкі қорқынышым, толқуым, сезімдерімнің лап еткені сонша, көзім көрмей, сөздер де аузыма түспей қалған сәттер де болды», - деп жазды ол.
Айта кетейік, желі қолданушылары оны сахнада сөзден шатасып қалғаны үшін сынаған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.