Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының бір апталық жұмыс кестесін жариялады.
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барады
773
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады.

Президент өңірдегі көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі.  Сондай-ақ әлеуметтік нысандарды аралап көреді.

Президент 30 мамыр күні Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2 маусымда Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.