Ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды, жел соғады деп күтілуде.
Жаңбыр, бұршақ, дауыл: 22 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto
3,152
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 22 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Мамандардың айтуынша, циклон әсерінен ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды, жел соғады деп күтілуде. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығыс бөлігінде шаңды дауыл соғады.

– Маңғыстау облысының батысында, Ақтөбе өңірінің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Павлодар облыстарының шығысында, Қостанай өңірінің орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының орталығында, батысында, Абай облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, шығысында, Жетісу облысының орталығында өрт қаупі жоғары болады, - делінген синоптиктердің мәліметінде.

Сонымен қатар Қызылорда облысының, Түркістан облысының солтүстігі, шөлейтті және тау бөктерлі аудандарында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қостанай өңірінде, Алматы облысының солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, солтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.