Жұбайының мінезі, отбасындағы ұстанымы жайлы сөз қозғады.
«Менсіз төркініне де бармайды...»: әнші Досымжан Таңатаров әйелі туралы айтты
Фото: instagram.com/ dossymzhan_tanatarov
3,594
оқылды

Әнші Досымжан Таңатаров журналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында отбасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі сұхбат барысында әйелінің мінезі, отбасындағы ұстанымы жайлы сөз қозғады. Айтуынша, жұбайы қай жерге барса да, отағасымен бірге жүргенді жөн көреді.

«Менің келіншегім сондай. Менсіз тойға бармайды. Менімен бірге барады, бірге жүреді. Кейде үлгере алмай жатқанымды айтып, «Өзің барып, құттықтап қайт» десем, «Кейін екеуіміз үйіне кіріп-шығамыз» дейді. Осы жерде реніш тудырамын ғой. Сонда «Мен сенсіз ол жерде өзімді жақсы сезіне алмаймын» дейді. Тіпті, төркініне менсіз баруға ыңғайсызданады. Менің туыстарымның ортасына да менсіз бармайды. «Сенімен ғана барайын» дейді. Кейде түсіндіріп айтамын, «Сен баруың керек, ұят болады» деймін. «Ұят болса да, сопиып өзім барғанша кейін екеуіміз барайық деп отырады», - дейді әнші. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жетінші арна | 7 канал (@tv7_kz)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.