Алматыда көрнекті мемлекет және қоғам қай­рат­кері Амалбек Тшановтың «Айырылу, табысу және арылу туралы толғам» атты мемуарлық кітабының тұсау­кесері өтті.
Тшановтың мемуарлық кітабы жарық көрді

Ұлттық кітапханада өткен жаңа кітапты таныстыру рәсі­мі­не Мұрат Жұ­рынов, Мәмбет Қойгелді, Әшір­бек Көпіш, Тұң­ғышбай Жаманқұлов, Қасымхан Бегманов, Ерболат Тө­леп­баев, Темірғали Көпбай сияқты бел­гілі мемлекет және қо­ғам қай­рат­керлері мен зиялы қауым өкілдері қа­тысты. Келу­шілер мемуар авто­ры­ның өмірдегі азаматтық прин­цип­тері мен адамгершілік танымдары туралы өз ойын ортаға сал­­ды. Белгілі айтыскер ақын Хазірет Бердіхан қоғам қай­­­­­­­раткеріне арнаған жыр арнауын тарту етті. 

Жалпы, жинақта ұзақ жыл қала, облыс әкімі, министр, де­­путат сияқты түрлі мемлекеттік жауапты қызмет атқарып, бұл күнде 80 жасқа толып отырған Амалбек Қозыбақұлы өмір­­де көргендері мен көңілге түйгендерін толғаныс ретінде қағ­аз­ға түсірген.  

Кітапта адал азаматтың ақиқатқа жүгіне отырып, өз хал­қының алдында, ұрпақтары мен ар-ожданының алдында арылуы десе де болады. Автор өз замандастарының басынан өт­кен жағдайлар туралы терең толғана отырып, дүниені мүл­де басқа қалыпта қабылдайтын бүгінгі жас жеткін­шек­тер­дің санасындағы психологиялық қайшылықтарды дұрыс пайымдауға тырысады. 

Түрлі ой-толғаныстан тұратын жинақ негізінен «Ұлы мәр­­­­тебелі адам», «Ұйқыдағы патшалық», «Орға жығатын да, шыңға шығаратын да билік», «Жеміс ағашы және тас пен таяқ», «Атқа міндім екен деп», «Қос ананың құшағындағы жылу» атты негізгі алты бөлімнен тұрады. Кітап қайраткердің сөзіне «Алға Қазақстан!» атты патриоттық рухқа шақыратын өлең жолдарымен аяқталады. 

Алматыдағы «Қазығұрт» баспасынан шыққан жинақтың көлемі – 26,5 баспа табақ. Тұсаукесер жиынды белгілі ғалым, фи­лология ғылымының докторы Қансейіт Әбдезұлы жүр­гіз­ді. 

Нұрболат  АДЫРБЕК,

Алматы қаласы