Әр адам емхананы тұрғылықты мекенжайына жақын жерден таңдай алады.
1 шілдеден бастап емханаға тіркелу тәртібі өзгереді
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
13,380
оқылды

1 шілдеден бастап емханаға тіркелу қағидалары өзгереді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрінің жаңа бұйрығына сәйкес, құжатқа отбасылық қызмет көрсету, емхананы еркін таңдау, медициналық қызметтің аумақтық және пациенттің орналасқан жеріне қарамастан профилактика, диагностика және емделу қызметтерінің қолжетімділігі кіреді. 

Яғни, әр адам емхананы тұрғылықты мекенжайына жақын жерден таңдай алады. Тіркелу ЖСН арқылы жүргізіледі. 

Сондай-ақ eGov порталы немесе емханаға тікелей жүгіну арқылы рәсімделеді. 

Жаңа ұйымға тіркелген кезде бұрынғы орыннан автоматты түрде шығарылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.