"Қазгидромет" құрғақшылық болжамын жасады.
Синоптиктер құрғақшылық болатын өңірлерді айтты
Фото: istockphoto
6,898
оқылды

Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, мамыр айында Қазақстанда орташа құрғақшылық болжанады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мамыр айында келесі өңірлерде орташа құрғақшылық болады:

Қостанай облысының Аманкелді, Жанкелді аудандарында және ішінара Арқалық қаласының маңында;

Батыс Қазақстан облысының Теректі, Казталов, Жәнібек, Жаңақала, Ақжайық және Бөкейорда аудандарында;

Атырау облысының Құрманғазы ауданында;

Маңғыстау облысының Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында;  

Қарағанды облысының Ақтоғай және Шет аудандарында;

Абай облысының Аягөз ауданында;

Алматы облысының Балқаш ауданында;

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында;

Түркістан облысының Созақ ауданында;

Қызылорда облысының Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарында;

Ақтөбе облысының Қобда ауданында және Ақтөбе қаласының маңында орташа ылғалды жағдайлар болжанады.

Қазақстанның қалған аумағында ылғалдандыру шарттары нормаға жақын болады, - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.