Егер әйелді аналық құқығынан айырса, бес баланы балалар үйіне жіберіледі.
Сібірдің арғы жағынан келген көпбалалы ана Тамара Чусовскаяның балаларының жәрдемақысына өмір сүретіні бәріне белгілі. Алайда ол сол ақшаға ішіп-жеп қана қоймай, күнде думандатып-тойлатқанды жақсы көреді екен. Сондай өміріне масаттанған ол «Жәрдемақыға малынып жатырмын» деп татуировкаға толы денесін жалаңаштап, ақшаның үстінде жатөан суретін Instagram парақшасына салып қойған. Міне, ел ішінде талқыға түскен осы сурет. Сондықтан қазір әйел әлеуметтік қызметтердің қатты бақылауына алынды.
КП-Новосібірдің жариялауынша, осы көпбалалы ананы ата-ана құқығынан айырудың бұл - үшінші әрекеті. [caption id="attachment_91125" align="alignnone" width="1024"]
Ал көпбалалы ананың айтуынша, әлеуметтік қызметкерлердің бұл айыптауы негізсіз екен. Өйткені балалардың тұратын жері бар, онысы таза. Тамағы да тоқ. Кішісі балабақшаға барса, үлкендері мектепте оқиды. «Аузыма ішімдік алған емеспін, сырт келбетіме қарап шешім шығару дұрыс емес» деген ол жергілікті тұрғындар оның үсті-басы татуировкадан көрінбейтінін және кездесіп жүрген жігіттерінің жас болғанын ерсі санайды. Ал көршілері болса оның ай сайын 60 мың рубль алып отырған жәрдемақысын көре алмай отыр екен.
[caption id="attachment_91126" align="alignnone" width="1024"]
Г.Бектас