Сайлау процесі Нұр-Сұлтан қаласында қарқынды жүруде. Ұлттық кітапхана ғимаратындағы Nur Otan партиясының Есіл аудандық филиалы учаскесіне үміткерлерге дауыс беру үшін келген азаматтардың қарасы көп. Учаскедегі есеп комиссиясы мүшелерінің айтуынша, түске қарай адам көбеймек.
Сайлау кезінде дауыс беруге келген партия мүшелерін сөзге тартқан едік.
– Өзім білім саласында талай жылдан бері қызмет етемін. Дауыс беруге келгендегі мақсатым - білім саласын, оның ішінде инклюзивті білім беруді дамытам деген кандидаттарды таңдау. Әр кандидаттың жеке бағдарламасымен таныстым. Бұл мәселені қозғаған 1-2 үміткер ғана бар екен. Соның ішінен өз таңдауымды жасадым, – дейді Елорда тұрғыны Бақыт Түсіпбекова.
Бұдан бөлек Нұр-Сұлтан қаласының басқа аудандарында да сайлау өтіп жатыр. Ол жайлы алдағы сағаттарда хабардар етіп отырамыз.
Мадияр Төлеу, Аружан Айтжанқызы Фото: А. Мұрзанов