Аргентиналық маманның келісімшарты 2021 жылға дейін есептелген
Каталониялық «Барселона» клубының бас бапкері ауысуы мүмкін. Қазіргі бапкер Эрнесто Вальвердеге жанкүйерлер көңілі толмай жүр.
Шетелдік БАҚ мәліметінше Вальверденің орнын басатын бірден бір кандидат ретінде Марсело Гальярдоның есімі аталуда.
43 жастағы аргентиналық маман қазіргі таңда «Ривер Плейт» клубын жаттықтырады. Егер Вальверде жақын арада жағдайды қалыпқа келтіре алмаса, онда клуб тізгінін Гальярдо қолға алуы мүмкін.
