Министр халықпен жүздесті
Министр халықпен жүздесті
5,240
оқылды

Азаматтардың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді шешу мақсатында Nur Otan партиясының Республика­лық қоғамдық қабылдау кең­сесінде азаматтарды қа­былдау жалғасуда. Бұл жо­лы тұрғындармен тіке­лей жүздесу үшін партия алаңы­на Сыртқы істер ми­нист­рі Мұхтар Тілеуберді келді.

Алматылық Айдос Бер­ді­баев Америкаға «Болашақ» бағ­дарламасымен оқуға түс­кен. Бала күнгі арманын жү­зе­ге асыру үшін болашақ авиа­ция инженері мұхит асып ма­гистратурада оқымаққа ниетті. Тілдік курсты жақсы тәмамдап, елге оралған ол, оқуын жал­ғас­тыру үшін Америкаға бара ал­май отыр. Бірнеше рет өтініш жа­сағанымен АҚШ елшілігі ви­за беруден бас тартқан.

– Елшілік менің жеке мәлі­мет­терім бойынша біреудің ви­за алып қойғанын айтып отыр. Олар­дың айтуынша, мен енді сотта өзімнің кінәсіздігімді, ви­за алмағанымды дәлел­деуім қажет. Ал егер «Бо­­­ла­шақ» бойынша келі­сім­­шарт та­лаптарын бұза­тын болсам, ке­пілге қойыл­ған әкемнің бас­па­на­сын алып қоюы мүм­­­кін, – дейді А.Бердібаев.

Министр Мұхтар Тілеуберді ал­матылық тұрғынның мә­се­лесін шешу үшін америкалық та­раппен кеңесу керек екенін ай­тты. Ол Айдосқа АҚШ ви­за­сын алу үшін тағы да құжат­та­рын тапсыруға, тек бұл жолы елшілікке СІМ-нің өкілімен бірге баруға кеңес берді.

– Дүйсенбіде Консулдық қыз­мет департаментінің қыз­мет­керімен бірге келіссөздер жүр­гізу үшін АҚШ-тың бас кон­сулдығына барасыздар. Сіз­ге виза берілуі үшін Сыртқы іс­тер министрлігі елшілікке рес­ми хат жолдайды, – деді ми­нистр.

Алматылық тағы бір тұр­ғын Азиза Якубова бір шаңы­рақ астында өмір сүру үшін күйеуіне 5 жылдан бері Қа­зақстанда тұрақты тұру құ­қын ала алмай жүргенін айт­ты. Азизаның күйеуі Ливан аза­маты екен. Заң талабы бойын­ша виза мерзімін ұзарту үшін ли­вандық азамат Алматы мен Бей­рут арасын жол қылуға мәж­бүр. Бірнеше рет құжат тап­­сырғанымен, көші-қон по­лициясы А.Якубованың күйеуіне Қазақстанда тұрақты тұру құқын беруден бас тарт­қан.

– Күйеуім ешқандай заң бұ­з­ған емес. Құ­жат­тарының бар­­лығы түгел. Тап­қан ақ­ша­­мызды екі ел ара­сын­дағы ұшаққа билет алу үшін жұмсаймыз. Өзім бала кү­тімімен үйде отырмын, от­ба­сы­мызды асырайтын адам жоқ, – дейді алматылық тұрғын.

Осы орайда, ведомство бас­­шысы Сыртқы істер ми­нистр­лігі тарапынан Азиза Яку­бованың күйеуі отбасымен қауышуы үшін оған виза рә­сімдеу кезінде кедергілер бол­мауын қамтамасыз ете ала­ты­нын айтты. Сондай-ақ ми­­нистр Қазақстанда тұрақты тұ­ру құқын беру СІМ-нің құзырына жатпайтынын, дегенмен, оның өтінішін ІІМ-не жолдайтынын жеткізді.


Клара НАҚЫП