Бес адамды эвакуацияланды
Өскеменде тұрғын үйдегі бір пәтер өртеніп кетті
ТЖМ видеосынан скриншот
523
оқылды

Өскемен қаласында Жастар көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтерде өрт шықты.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері арнайы құтқару колпактарын пайдаланып, қатты түтін басқан кіреберістен бес адамды эвакуациялады.

Өрт шағын аумақта сөндірілді. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді, - деп жазылған хабарламада