Испания футболдан әлем чемпионы атанды
Испания футболдан әлем чемпионы атанды
1,560
оқылды

Испания құрамасы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалында Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Кездесудің негізгі уақыты голсыз аяқталды. Бірінші таймның соңына таман аргентиналық жартылай қорғаушы Энцо Фернандес қызыл қағаз алып, командасын аз құрамда қалдырды. Сан басымдығын тиімді пайдаланған Испания қосымша уақыттың 106-минутында Ферран Торрестің голының арқасында жеңіске жетті.

Айта кетейік, Аргентина матч бойы Испания қақпасына бірде-бір дәл соққы жасай алмады. Осылайша Лионель Месси бастаған құрама 2022 жылы Катарда жеңіп алған әлем чемпионы атағын қорғай алмады. Ал Испания өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атанды. Бұған дейін испандар бұл жетістікке 2010 жылы қол жеткізген.