Қазақстандық жас триатлоншылар Еуропа кубогында күміс жүлде алды
Қазақстандық жас триатлоншылар Еуропа кубогында күміс жүлде алды
474
оқылды

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Румынияның Изворани қаласында өткен триатлоннан Еуропа кубогы кезеңінде тағы бір медаль жеңіп алды. Қазақстандық спортшылар аралас эстафетада 1 сағат 34 минут 56 секунд нәтижемен екінші орынға ие болды.

 

Күміс жүлдені Диана Ержанова, Алуа Нұрмұхамет, Алхам Мұрат және Арсений Шевченко жеңіп алды. Румыния құрамасы 1:34:31 нәтижемен бірінші, Түркия командасы 1:35:42 көрсеткішімен үшінші орын алды.

Бұған дейін Диана Ержанова жекелей жарыста алтын медаль иеленген еді.