Қатонқарағайда өткен Altay Fest-те өнер көрсеткен әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген концерт барысында өз жанкүйерлеріне деген алаңдаушылығын білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Қараңғы батып кетті. Құрметті ағайын, жолда сақ болыңыздар!. Барлығыңыз аман-есен жетіп алыңыздар. Әрқайсыңыз үшін уайымдап отырмын», – деді әнші.
Айта кеткен жөн, Қатонқарағайда өткен фестивальде Димаш Құдайберген кештің хэйдлайнері болды. Оны көру үшін 50 мыңнан астам көрермен жиналды. Әншінің бір өзі түнгі сағат 22:00-ден бастап, 01:00-ге дейін ән шырқап, жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленді.
