«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі аясында қазақ руханиятының көрнекті өкілі, биыл 75 жасқа толған Жүрсін Ерманға ерекше құрмет көрсетілді.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мерейтой иесіне облыс халқының атынан темір тұлпар сыйлады.
Салтанатты рәсімде өңір басшысы Жүрсін Ерманның қазақ әдебиеті мен айтыс өнерін дамытуға қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті.
– Жүрсін Молдашұлының 75 жылдық мерейтойы – тұтас қазақ руханиятының мерекесі. Айтыс өнеріне сіңірген еңбегіне деген құрмет ретінде Шығыс Қазақстан халқының атынан осы темір тұлпарды қабыл алыңыз, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Өз кезегінде Жүрсін Ерман көрсетілген құрметке алғыс айтып, мұны өзіне ғана емес, күллі қазақтың айтыс өнеріне көрсетілген сый-құрмет деп бағалады.
Салтанатты рәсім соңында мерейтой иесіне көлік кілті табысталды.
