Жарыс Қытайдың Ордос қаласында өтті
Рыпакованың қызы бастаған жастар құрамасы Қытайда өткен Азия чемпионатынан олжалы оралды
210
оқылды

Қазақстан жеңіл атлетикадан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

Алина Чистякова жетісайыстың қорытындысы бойынша күміс жүлдегер атанды.

Сондай-ақ Анна Шумило, Екатерина Пузырева, Татьяна Но, Дарья Гридасовадан құралған әйелдер командасы 4х100 метрлік эстафетада үшінші орын алды.

Одан бөлек, отандастарымыз 4х400 метрлік эстафетада қола медальға ие болды. Команда сапында Анна Шумило, Анастасия Цвиркунова, Екатерина Колода, Мария Шувалова өнер көрсетті.

Айта кетейік, бұған дейін Анастасия Рыпакова, Максим Балабин, Ясмина Тоқсанбаева қола жүлдеге қол жеткізген болатын.