Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Шалқар көлінде ТЖМ қызметкерлері демалушыға көмек көрсетті.
Ер адам үрлемелі матраспен шомылып жүрген кезде қатты жел оны жағадан алыстатып әкеткен. Құтқарушылар оны жедел тауып, жағаға жеткізді. Құтқарылған адамға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ қатты жел кезінде үрлемелі матрастарды пайдаланбауға және жағадан алысқа жүзбеуге шақырды.
