Арасында Қазақстан боксшылары да бар.
Бокстан Азия чемпионаты: жартылай финалға қай елдің спортшылары шықты?
Фото: kfb.kz
432
оқылды

Бокстан 5-15 шілде аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан U19 және U23 санатындағы Азия чемпионатының ширек финалдық жекпе-жегі толықтай аяқталды. Бұл туралы Aikyn.kz Қазақстан Бокс федерациясына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстан сапынан 29 боксшы жартылай финалға және 1 боксшы финалда жарысты жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, сары құрлық додасында 20 елден 329 боксшы (189 ер, 140 әйел) сынға түсіп жатыр.

Оның арасынан 16 елдің өкілі кем дегенде қола жүлдемен қайту мүмкіндігіне ие болды. 

U23 санаты.

Өзбекстан – 18

Қазақстан – 16

Үндістан – 15

Қырғызстан – 7

Жапония – 6

Оңтүстік Корея – 5

Индонезия – 3

Тайпей – 2

Бутан – 1

Қатар – 1

Филиппин – 1

Таиланд – 1

Вьетнам – 1

Моңғолия – 1

U19 санаты.

Өзбекстан – 15

Қазақстан – 14

Үндістан – 14

Тәжікстан – 6

Жапония – 6

Қырғызстан – 6

Оңтүстік Корея – 5

Тайпей – 5

Вьетнам – 4

Индонезия – 4

Таиланд – 2

Моңғолия – 1

Қатар – 1

Филиппин – 1.