Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында Гагарин бульвары көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтерден өрт шықты.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер қою түтін басқан подъезден 15 тұрғынды, оның ішінде үш баланы құтқару капюшондарының көмегімен эвакуациялады.
Өрт 45 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және оқиға болған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласуға шақырады
