Жұмыстарды аяқтап, шектеуді алып тастау 11 шілде күні сағат 18:00-ге дейін жоспарланып отыр.
Астана – Қарағанды – Алматы автожолы учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі
Фото: ҚазАвтоЖол
213
оқылды

Бүгін, 11 шілдеде республикалық маңызы бар KAZ-01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолының Астана қаласы бағыты бойынша 42-шақырымында 10 шілдеде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бүлінген барьерлік қоршауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    

 Жол қызметтері барьерлік қоршауды жөндеу және түзету жұмыстарын атқарады. ҚазАвтоЖол мәліметінше, жұмыстарға төрт бірлік арнайы техника жұмылдырылады. 

Жол қозғалысы қауіпсіздігін және жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жөндеу жүргізілетін учаскеде Астана қаласы бағыты бойынша бір қозғалыс жолағы уақытша жабылады. 

Жұмыстарды аяқтап, шектеуді алып тастау 11 шілде күні сағат 18:00-ге дейін жоспарланып отыр. 

«Жүргізушілерден жұмыс жүргізілетін учаскеге жақындаған кезде жылдамдықты алдын ала төмендетуді, уақытша жол белгілерінің талаптарын және жол қызметкерлерінің нұсқауларын сақтауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.