Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Алатау қаласы кеңесінің отырысы өтті. Онда «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын жүзеге асыру және жаңа қаланы одан әрі дамыту мәселелері қаралды.
Алатаудың жоспары дайын болмақ
239
оқылды

Олжас Бектенов биылғы 1 шілдеден бас­тап күшіне енген Конституция ауқымды пре­зиденттік реформалардың жалғасы еке­нін және экономиканы одан әрі жаңғырту үшін берік негіз қалайтынын атап өтті.

«Негізгі заңмен бірге «Алатау қаласының ар­наулы құқықтық режимі туралы» Конс­ти­туция­лық заң күшіне енді. Мемлекет бас­шы­сының тапсырмасына сәйкес Alatau City жо­басы экономикалық даму драйверлерінің бірі болуға тиіс. Мемлекет басшысының Жар­лығымен Алатау қаласының кеңесі құ­рыл­ды. Кеңестің негізгі міндеті – арнаулы құ­­­­қықтық режимді уақытылы және сапалы іс­ке асыруды қамтамасыз ету», – деп атап өт­ті Олжас Бектенов.

Алатаудың қазіргі бар елді мекендерінің ин­женерлік және көлік инфрақұрылымын да­­мыту бойынша жұмыстар жалғасуда, олар – Ынтымақ, Қоянқұс, Жетіген, Жаңадәуір, Жаңаталап шағын аудандары. Осы жылдың соңына дейін Қаланы да­мытудың 2055 жылға дейін­гі ұзақмерзімді жос­парын, жетекші ха­лықаралық кон­салтингтік ARUP және BCG компанияларын тарта отырып, 2040 жылға дейінгі Даму стра­тегиясы мен Мастер-жоспарды әзір­леуді аяқтау жоспарлануда.