Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, Ақтау қаласының Мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Сөйтіп оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 86 500 теңге айыппұл салынған.
"Туристі рұқсатсыз телефонға түсірген": маңғыстаулық жігіт айыппұл арқалады
фото: www.istockphoto.com
173
оқылды

Маңғыстаулық тұрғынның шетелдік туристі мазалап, орынсыз әзілдегені үшінайыппұл салынды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

​Оқиға Ақтау – Шымкент бағытындағы пойызда 8 шілде күні тіркелген. Іске шетелдік туристің әлеуметтік желіге жүктеген бейнежазбасы себеп болды.

Ол Қазақстандағы 40 сағат пойыз сапары барысында өзін мазалаған жолаушының іс-әрекеттерін көрсетіп, басынан өткен оқиғаны баяндаған.

Туристің сөзінше, ер адам оған қайта-қайта орынсыз әзіл айтып, рұқсатынсыз ұялы телефонға түсіріп алған. Сондай-ақ, жергілікті тілде балағат сөздер айтып, қолайсыз жағдай туғызған.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан соң көліктегі полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, іс материалдарын сот қарауына жолдады. Нәтижесінде сот оның кінәсін дәлелденді деп танып, әкімшілік жаза тағайындады.