Ер адам жедел түрде Өскемен қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілді.
«Қазавиақұтқару» экипажы шұғыл көмекке мұқтаж науқасты Өскеменге жедел жеткізді
204
оқылды

ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағының экипажы санитариялық авиация бригадасымен бірлесіп 27 жастағы ер адамды Катонқарағай ауданынан Өскемен қаласына эвакуациялады. Науқасқа шұғыл медициналық көмек қажет болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ұшу барысында ұшқыштар тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, санитариялық авиация дәрігерлері науқастың жағдайын үздіксіз бақылап, қажетті медициналық көмек көрсетті.

Ұшу сәтті аяқталды. Ер адам жедел түрде Өскемен қаласындағы медициналық мекемеге жеткізіліп, әрі қарай ем қабылдайтын болды.

ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері санитариялық рейстерді орындауға тәулік бойы дайын. Олар еліміздің шалғай өңірлерінің тұрғындарын төтенше жағдайларда уақтылы медициналық эвакуациялауды қамтамасыз етеді.