Алайда бірқатар мекемелер бұл міндеттерді орындамаған.
Түркістанда жүздеген мектеп, аурухана мен спорт нысаны экологиялық талапты бұзған
233
оқылды

Түркістан облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде білім, медицина және спорт мекемелерінде экологиялық заңнама талаптарының сақталмау фактілері анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тексеру барысында облыстағы 270 білім беру, 36 медицина және 56 спорт мекемесінің экологиялық рұқсат құжаттарын уақытылы рәсімдемегені немесе жаңартпағаны белгілі болды.

Заң талаптарына сәйкес объект операторлары өз нысандарын экологиялық санаттарға жатқызып, экологиялық рұқсаттарды алу үшін уәкілетті органға өтініш беруі қажет.

Алайда бірқатар мекемелер бұл міндеттерді орындамаған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жауапты лауазымды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылып, жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Қазіргі уақытта мекемелерде объектілердің экологиялық санаттарын айқындау және қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.