Шығыс Қазақстанда орман өртеніп жатыр
Шығыс Қазақстанда орман өртеніп жатыр
234
оқылды

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданындағы Абай ауылдық округі аумағында болған орман өрті оқшауланды. Өрттің бір бөлігі «Күршім орман шаруашылығы» аумағына тараған.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, орман шаруашылығы қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Қол жетуі қиын аймақтарда тікұшақтар арқылы 41 мәрте су төгіліп, жалпы 123 тонна су пайдаланылды. 

Мамандардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп жоқ.