Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаменті айтты.
Павлодар облысында 67 жастағы ер адам суға батып кете жаздады
391
оқылды

Павлодар облысындағы Жасыбай көлінде суға батып бара жатқан 67 жастағы ер адам құтқарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаменті айтты.

Оқиға кезінде көл жағасында демалып жүрген тұрғындар ер адамның көмекке мұқтаж екенін байқап, бірден 112 қызметіне хабар берген.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар қайықпен барып, 1959 жылы туған ер адамды судан алып шыққан. Жағада оған алғашқы реанимациялық көмек көрсетіліп, кейін жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.

ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, өз мүмкіндігін асыра бағаламауға және тек арнайы жабдықталған, шомылуға рұқсат етілген орындарда ғана суға түсуге шақырды.