Юрийдің айтуынша, биыл қарындасына мемлекеттен жалдамалы тұрғын үй алу мүмкіндігі туралы хабарланған.
Ақтаулық тұрғын үй кезегінен «жоғалып кеткенін» айтып, көмек сұрады
404
оқылды

Ақтау тұрғыны Юрий Житников 2011 жылдан бері жетім балалар санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрғанына қарамастан, жаңа электрондық жүйеге көшкеннен кейін өзінің деректері жоғалып кеткенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты

Юрийдің айтуынша, биыл қарындасына мемлекеттен жалдамалы тұрғын үй алу мүмкіндігі туралы хабарланған. Алайда өзі кезек тізімінен табылмаған.

Ақтау әкімдігі оның 2011 жылдың 9 маусымынан бастап тұрғын үй кезегінде тұрғанын ресми түрде растаған. Бірақ 2025 жылдан бері кезекті жүргізіп отырған «Отбасы банк» жаңа ақпараттық жүйесінде оған қатысты мәлімет жоқ екенін хабарлаған.

Әкімдік азаматқа өз құқықтарын қалпына келтіру үшін сотқа жүгінуді ұсынған.

Қазір 27 жастағы Юрий отбасымен бірге жалдамалы пәтерде тұрады, екі бала тәрбиелеп отыр. Сондай-ақ оған III дәрежелі сенсорлық есту қабілетінің төмендеуі диагнозы қойылған.