Шығыс Қазақстан облысының 17 жастағы шахматшысы Алдияр Ансат халықаралық гроссмейстер атағын иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Халықаралық дәрежеге қол жеткізу үшін Алдияр Aktobe Open халықаралық турнирінде FIDE рейтингін 2500 ұпайдан асырып, гроссмейстер атағына қажетті барлық нормативті толық орындады.
Әкімдік мәліметінше, Алдияр Ансат – Қазақстандағы ең дарынды жас шахматшылардың бірі. Ол алты жасында спорт шеберлігіне кандидат атанған ең жас шахматшы болса, 11 жасында – FIDE шебері, 13 жасында – халықаралық шебер, ал 15 жасында Қазақстан Республикасының ең жас еңбек сіңірген спорт шебері атағын алған.
