Жедел желіге 4 қоңырау келіп түсті.
Алматыда өзен арнасындағы ахуал тұрақты бақылауға алынды
224
оқылды

Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы сел қаупіне байланысты Ақсай өзенінің арнасы бойында тұратын тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олар уақытша Наурызбай ауданындағы мектептер базасында ұйымдастырылған халықты қабылдау пункттеріне орналастырылды.

ТЖМ жедел штабты өрістетті, азаматтық қорғау қызметтері жұмыс істеуде. 8 (727) 279-22-32 нөмірі бойынша жедел желі іске қосылды. Жедел желіге 4 қоңырау келіп түсті. Барлық іс-шара жоспарлы режимде жүргізілуде. Жағдай бақылауда.

ТЖД жедел тобы «Қазселденқорғау» ММ мамандарымен бірлесіп жағдайға мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Қазіргі уақытта өзен арнасы тұрақты бақылауда.