Көлікте болған алты баланың біреуі ғана аман қалған.
Тағы да жол апаты: Түркістан облысында бір әулеттің бес баласы көз жұмды
фото: www.istockphoto.com
420
оқылды

Жантүршігерлік оқиға Түркістан облысы Түлкібас ауданы Еңбекші ауылында болған. Салдарынан бір әулеттің бес баласы қаза тапты. Ауыл арасындағы жолда жүйткіген жеңіл көлік қас-қағым сәтте ағашқа соғылып, қақ ортасынан бөлінген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

КТК дерегі бойынша, көлікті басқарған қыз 11-сыныпты биыл ғана бітірген. Өкінішке қарай, оқиға орнында бес бала қаза  тапты. Бәрі – бір әулеттің балалары. Көлікте болған алты баланың біреуі ғана аман қалған. 

Жедел жәрдем көлігімен жансақтау бөліміне жеткізілген баланың жағдайы әзірге белгісіз. Дәрігерлер оның денсаулығына қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ. Ал полиция қызметкерлері бес қыздың өмірін қиған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғады.

"Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады", – делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.