Оның сөзінше, жас футболшының көңіл күйі жоғары, жаңа кезеңге толық дайын.
Англияда жүрген футболшы Дастан Сәтпаевтың жағдайы белгілі болды
440
оқылды

«Қайрат» клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Дастан Сәтпаевтың Англияға жақсы физикалық дайындықпен барғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның сөзінше, жас футболшының көңіл күйі жоғары, жаңа кезеңге толық дайын. Сондай-ақ «Қайрат» академиясында енгізілген еуропалық дайындық стандарты Д.Сәтпаевтың «Челси» талаптарына тез бейімделуіне мүмкіндік береді.

«Дастанның жолы Қазақстандағы мыңдаған жас футболшыға шабыт береді деп сенемін. Бұл – тек бастамасы. Одан кейін де әлемнің үздік клубтарына жол тартатын отандық таланттар көбейеді», – деді Қайрат Боранбаев.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев жуырда «Қайрат» сапындағы қоштасу матчын өткізіп, жанкүйерлер мен клуб басшылығынан құрметке ие болды.

Футболшы бастапқы жоспар бойынша Англияға тамыз айында 18 жасқа толған соң аттануы тиіс еді. Бірақ «Челси» оны алдын ала шақырып, дайындық жұмыстарына қосуды жөн көрген.

Британдық БАҚ мәліметінше, клубтың бас бапкері Хаби Алонсо қазақстандық футболшыны әуелі жастар құрамында сынап көруі мүмкін.