Ақтөбедегі жемеменшік мектептің бірінде аутизмге шалдыққан 5 жасар ұлды қатарласы сатыдан итеріп жіберген, – деп хабарлайды Aikyn.kz. сайты КТК арнасына сілтеме жасап.
Оқиға "Мозаика" атты мектепте үзіліс кезінде болған. Балалардың бірі 5 жасар ұлды итеріп жіберіп, баспалдақтан құлатқан. Бала басынан, иығы мен арқасынан жарақат алған.
Ал анасы сол сәтте тәрбиешінің балаларды қараусыз қалдырғанын айтады.
БАҚ-тың мәліметінше, көзге көрінетін жарақатына қарамастан, мектептегілер жедел жәрдем шақырмаған. Тіпті, баланың ата-анасына да хабар бермеген. Оның мұндай жағдайға ұшырағанын анасы мектепке келгенде бір-ақ білген. Онда да ол ұлын мектептен алып қайтуға келген екен.
Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
