Қазіргі таңда Швейцарияның Люцерн қаласында академиялық ескек есуден Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазақстандықтар Екатерина Носкова және Мария Чернец жеңіл салмақта әйелдер арасындағы жұптық есу бағдарламасында қола жүлдеге ие болды. Отандастарымыз 07:21.91 уақыт көрсеткішін тіркеді.
Жапония құрамасы алтыннан алқа тақты - 07:14.74. Екінші орынды Перу құрамасы иеленді - 07:18.51.
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 28 маусымда аяқталады.
