Әнші қарындасының жас маман атанғанына қуанып, тілегін айтты.
Әнші Тоқтар Серіков қуанышты жаңалығын жеткізді (видео)
602
оқылды

Әнші Тоқтар Серік әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты жаңалықты жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Айтуынша, туған інісінің қызы жоғары оқу орнын тәмамдап, диплом алған.

Әнші қарындасының жас маман атанғанына қуанып, тілегін жеткізді.

«Бүгін әулетіміз үшін тағы бір қуанышты күн. Туған бауырым Жайықтың тұңғыш қызы Толайым Қадыр бастауыш сынып мұғалімі мамандығын аяқтап, дипломын қолына алды. Алтыным, болашағыңнан үлкен үміт күтеміз. Құтты болсын! Алла жар болсын!» – деп жазды Тоқтар Серік.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.