Канададағы Торонто қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогының суперфиналында Қазақстан құрамасының өкілі Виктор Друзин жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстандық спортшы техникалық бағдарламада қола медаль жеңіп алды. Оның өнерін төрешілер 235.4583 ұпаймен бағалады.
ҚР ҰОК мәліметінше, алтын медальді Ранджуо Томблин иеленді — 249.2033 ұпай. Екінші орынды Муе Го алды — 245.6576 ұпай.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
