Сондай-ақ Ресейдің Тула облысындағы «Азот» кәсіпорнына соққы берілген
Украина дрондары Ресей шекарасынан 700 шақырымнан астам қашықтықтағы мұнай нысанына соққы жасады – Зеленский
319
оқылды

Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, Украина Қауіпсіздік қызметінің дрондары Ресейдің Ярославль облысындағы мемлекеттік резерв үшін маңызды мұнай нысанына соққы жасаған. Нысан Украина шекарасынан 700 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан.

Сондай-ақ Ресейдің Тула облысындағы «Азот» кәсіпорнына соққы берілген. Бұл кәсіпорын жарылғыш заттар өндірумен байланысты.

Зеленскийдің айтуынша, алты ресейлік әуежайда рейстерге шектеу енгізілген, ал Ресейдің 28 өңірінде әуе дабылы жарияланған.

Сонымен қатар уақытша оккупацияланған Украина аумағындағы ресейлік әскери логистика нысандарына да соққы жасалған. Зеленский мұны Ресейдің соғысты тоқтатудан бас тартуына жауап ретінде жүргізіліп жатқан операциялар деп атады.