Өнер иесі өмір жолында талай сынақты бастан өткергенін айтып, қандай қиындық болса да сабыр сақтап, Аллаға тәуекел еткенін жеткізді.
«Сенгенім де, сүйенгенім де – халқым»: Нұрғали Нүсіпжанов операциядан кейін елге алғыс айтты
388
оқылды

Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов жүрегіне жасалған операциядан кейінгі жағдайы туралы айтып, көпшілікке әсерлі жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Өнер иесі өмір жолында талай сынақты бастан өткергенін айтып, қандай қиындық болса да сабыр сақтап, Аллаға тәуекел еткенін жеткізді.

«Бұл өмір – сынақ. Бірі оны жылап көтерсе, енді бірі шыдап көтереді. Уақыт бәрін емдегенімен, көңілде қалған із бірден жоғалмайды. Жалғыздың жары – Құдай деген сөздің растығына тағы бір мәрте көзім жетті», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ ол өзіне әрдайым қолдау білдіріп келе жатқан қазақ халқына алғыс айтты.

«Сенгенім де, сүйенгенім де – халқым. Қашанда ағайын-жұртымның қолдауын сезініп келемін. Көптің батасы мен тілегіне қарыздармын», – деді Нұрғали Нүсіпжанов.

Халық әртісі жүрегіне операция жасап, сахнаға қайта оралуына мүмкіндік берген дәрігерлерге де ерекше ризашылығын білдірді. Ол медицина мамандары Ермағанбет Қуатбаевқа, Артур Әбдімомыновқа және Азамат Наурушевке алғыс айтып, олардың кәсібилігін жоғары бағалады.

«Киелі сахнаңызға барып, сағыныш мауқыңызды басыңыз, аға» деген сөздерімен маған екінші өмір сыйлаған дәрігерлерге ақ жүрегіммен алғыс айтамын», – деп түйіндеді өнер иесі.