Тиісті шешім 5 маусымда өткен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында қабылданды.
Қазақстан шетелдік қызанақ импортына уақытша шектеу енгізеді
329
оқылды

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдерді қоспағанда, үшінші мемлекеттерден жаңа және салқындатылған қызанақ импортын уақытша шектеуді жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тиісті шешім 5 маусымда өткен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында қабылданды.

ВАК шешімін іске асыру аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағына қызанақ әкелудің кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын әзірледі. Құжатқа сәйкес, ЕАЭО елдерінен жеткізілетін өнімдер мен Қазақстан аумағы арқылы жүзеге асырылатын халықаралық транзитті қоспағанда, үшінші елдерден қызанақтарды барлық көлік түрімен әкелуге уақытша тыйым салу көзделген.

Министрліктің мәліметінше, бұл шара отандық жылыжай және ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға, сондай-ақ ішкі нарықта өндірілген өнімнің тұрақты өткізілуін қамтамасыз етуге бағытталған.