Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалы жүргізіліп жатыр.
«Екі адам жансақтау бөлімінде жатыр»: Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кеткен
фото: www.istockphoto.com
265
оқылды

Оқиға 11 маусым күні түнгі сағат екілер шамасында Оңтүстік шағынауданында болды. Жеңіл көлік жол жиегіндегі дүкен ғимаратына соғылып, артынша өртеніп кеткен. Салдарынан екі адам ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты

Төтенше жағдайлар департаментіне оқиға туралы хабар түнгі сағат 02:30 шамасында түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар зардап шеккендерді жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырып, көліктегі өртті сөндірген.

Құтқарушылардың мәліметінше, көліктегі жанар-жағармай материалдары мен пластик бөлшектердің көп болуы өрттің жылдам таралуына әсер еткен. Соның салдарынан автокөлік бірнеше минут ішінде толықтай отқа оранған.

Ал жергілікті басылым Otyrar.kz. хабарлауынша, көлікті ауданның 21 жастағы тұрғыны басқарған. Оның жанында өзімен бірге жүрген бойжеткен болған. Екеуі де шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған. Олар қалалық №1 клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр. Алдын ала мәлімет бойынша, көлікте болған жолаушы қыз жүкті болған.

«Куәгерлердің сөзінше, көлікте болған жастар осы маңда тұрады. Кейбір тұрғындар апатқа жолдағы шұңқыр себеп болуы мүмкін деген болжам айтуда. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталмаған»,  деп жазған басылым.  

Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Тергеудің бастапқы нұсқасына сәйкес, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, дүкен ғимаратына соғылған. Соққыдан кейін көлік өртеніп кеткен.