Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев Лондонның «Челси» клубы сапындағы алғашқы голын соқты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол бүгін, 28 шілдеде Аустралияда өтіп жатқан маусым алдындағы жолдастық кездесуде «Вестерн Сидней Уондерерс» қақпасын дәл көздеді. Сәтпаевтың голынан кейін есеп 1:0 болды.
Бұл – қазақстандық шабуылшының «Челси» жейдесіндегі алғашқы голы. Дастан Сәтпаев аталған матчты негізгі құрамда бастады. Кездесу Сиднейдегі Accor Stadium аренасында өтіп жатыр.
Матч жалғасып жатыр. Қазіргі есеп – 1:1. Әзірге тең.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев лондондық клубтың Аустралия мен Азиядағы маусым алдындағы турына қатысатын құрамына енген.
