Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.
Мемлекет басшысы: «Әлеуметтік және туристік инфрақұрылымды қарқынды түрде дамыту қажет»
246
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Бұл салада нақты атқарылған жұмыс жоқ деп айтсақ, қателеспейміз. Ал қазіргі таңда туризм инвестициялық тартымдылықтың өте маңызды бөлігі болып саналады.

Бас жоспарға сәйкес, 2050 жылға қарай қала халқының саны 2 миллионнан асып кетуі мүмкін, әбден ықтимал. Мұндай өсім инженерлік желімен қатар әлеуметтік инфрақұрылымға зор салмақ түсіретіні анық.

Қазір Алатауда жаңа әлеуметтік нысандар өте аз. Соған қарамастан кәсіпкерлер бұл инфрақұрылымға қаржы салуға дайын.

Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес және қала әкімшілігі инвестицияны қайтарудың әдіс-тәсілдері мен мерзімдері айқындалған нақты ережелер әзірлеуге тиіс. Бұл құжатта өзара жүктеме әділ бөлініп, барлық сын-қатерлер ескерілуі керек», –  дейді Президент.