Әнші бұған байланысты ресми түсініктеме бермеген.
Желі қолданушылары Нұрлан Абдуллинді сынға алды
988
оқылды

Threads әлеуметтік желісінде Марал Баққара есімді қолданушы Қазақстанның танымал әншісі Нұрлан Абдуллинге қатысты жазба жариялап, оны көпшілік алдында сынға алды,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Автор әншінің ұлына алимент төлеу мәселесі бойынша міндеттемелерін орындамай жүргенін жазды.

«Абдуллин Нұрлан Мұханұлы. Ұлыңның алдындағы үш жылдық алимент қарызын жап! Сен өз туған балаңды алдадың. Ұлыңның алдындағы қарызды өтегің келмей ме? Белгілі халық әртісі Нұрлан Мұханұлы! Ұятты доғарыңыз! Сіз өз балаларыңызға ауыр тиіп отырсыз. 62 жасыңызда 8 жастағы ұлыңызбен соттасып жүрсіз»,  деп жазды Марал Баққара.

Аталған жазбалар әлеуметтік желі қолданушылары арасында кең талқыланды. Алайда әнші Нұрлан Абдуллин тарапынан бұл айыптауларға қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ. 

Оқиғаның нақты мән-жайы сот құжаттары мен құзырлы органдардың ресми мәліметтері негізінде анықталуы мүмкін.