Кітаптың тұсаукесері күзде болады.
"Көңілдестерінің атын өзгертпедім": Назым Қаһарман бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаев жайлы кітап шығарады
267
оқылды

Назым Қаһарман бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаевтың жеке өмірі туралы кітап жазып жатыр,  деп хабарлайды Aikyn.kz. Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Бұрынғы күйеуімнің көңілдестері бұл рилс сіздерге арналады. Сіздер менің кітабыма өз есімдеріңізбен ендіңіздер. Күзде тұсаукесері болады. Сіздерге жазып, шаштарыңыздан жұлған жоқпын. Алайда бұл менің сіздер туралы білмеймін деген сөз емес. Себебі бұл мәселені бұрынғы күйеуіммен ғана шештім. Үйленген еркекке көңілдес болатындар өз таңдауын жасайды. Ал мұның соңы біреудің кітабына кейіпкер болуға әкелуі мүмкін", – деді Назым Қаһарман.

Айтуынша, бұл мәселе туралы адвокаттарымен сөйлескен. 

"Олардың есімдерін өзгертпедім. Тек фамилияларын алып тастадым", – делінген жазбада.