Іс-шараларды «Ш.Айманов атындағы Қазақфильм» киностудиясы жанындағы «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі ұйымдастырды.
Астанадағы Ұлттық әскери-патриоттық орталықта және Екібастұздағы Жастар бастамаларын дамыту орталығында мерекелік ойын-сауық бағдарламаларынан кейін көрермендерге толықметражды «Алтын адам» анимациялық фильмі ұсынылды. Туындыда батылдық, әділдік, мейірімділік пен отансүйгіштік секілді құндылықтар арқау болған.
Алматы қаласындағы «Арман» кинотеатрында көрсетілімдер екі залда қатар өтті. Қызыл залда 2025 жылы жарық көрген қысқаметражды анимациялық фильмдер топтамасы көрсетілсе, Көк залда балаларға арналған «Жабайы» көркем фильмі ұсынылды. Фильм адам мен жануар арасындағы достық, қамқорлық пен адалдық тақырыптарын қозғайды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мәдени шаралар балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, ұлттық кино мен анимация өнерін кеңінен насихаттауға бағытталған.
